Халықтың діни сауаттылығын арттыруда имамдар белсенділік танытуы тиіс – Д.Кәлетаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың діни сауаттылығын арттыруда имамдар белсенділік танытуы тиіс – Д.Кәлетаев

20.04.2018

Жақында қызметіне кіріскен Дін істері және азаматтық қоғам министрі «Әзірет Сұлтан» мешітінде болды. Дархан Кәлетаев алдымен құлшылық бөлмелерін аралап көріп, кейін имамдар және дінбасыларымен кездесу өткізді. «Қоғамдағы рухани құндылықтарды дамыту және халықтың діни сауаттылығын арттыру - үлкен жұмыс. Сол міндетке имамдар белсенділік танытуы керек»,- деді министр.

Бұдан соң ол Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы жаңа ғимаратының құрылысымен танысты. Ғимараттың жалпы ауданы -12 мың шаршы метр. Жеке бөлмелері, мәжіліс залы және діни қызметкерлер үшін спорт кешені бар. Сондай-ақ, әдебиеттермен жабдықталған кітапхана және жатақхана да қарастырылған.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу