Еленген ерлік: Өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еленген ерлік: Өрт сөндірушінің отбасына пәтер берілді

18.11.2022

Батылдық танытып, бірнеше адамның өмірін құтқарған өрт сөндіруші Асқар Забикулиннің отбасына үш бөлмелі пәтер табысталды. Қайырымды іс демеушілер қаражаты есебінен жасалған. Сонымен қатар оның және әріптесі Аян Кемпіровтің отбасына несиелерін өтеуге 6 миллион теңге көмек көрсетілмек. Олардың қаржылық қиындықтары, жалдамалы пәтерде тұратынын кеше Ұлттық арнаның «1001 түн» бағдарламасында Асқар Забикулиннің жары мен досы айтқан. Дәрігерлердің мәліметі бойынша, екі өрт сөндірушінің бірі қазір ауыр жағдайда, екіншісінің хәлі орташа.

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу