Газ тасымалдау саласына инновациялық тәсілдер енгізілмек
«ҚазМұнайГаздың» еншілес «Интергаз Орталық Азия» компаниясы өңірлердегі жас кадрлар арасында алғаш рет үлкен байқау өткізді.
Байқауға 60-қа жуық жас маман қатысып, өздерінің жобаларын қорғады. Конкурс екі кезеңнен тұрды, 4 бағыт бойынша өтті.
Мұнай-газ өндірісіне инновациялық әдіс-тәсілдер әкелуі қажет. «Қазақстан-2050» Стратегиясын жүзеге асыруға сүбелі үлес қосуы керек. Жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсарта түсуі қажет. Осындай талаптарға сай болған жобалар ғана жарысқа қабылданды.
Іріктеудің осыншама қаталдығына қарамастан, мінберге шығып, өз жобасын қорғағандардың қарасы көп болды.
Тұрар Дүйсіп, жарыс жеңімпазы:
Барлық жоба еліміздің тыныштығына, экономиканың өркендеуіне, болашақта 30 мемлекеттің қатарына қосылуына үлес қосу үшін жасалып отыр.
Инновация, жаңашылдық қана бәсекеге қабілетті етеді. Компания осыны түсініп отыр. Сол үшін де өз қызметкерлері арасында ғылыми жарыс өткізді.
Досбол Күлекеев, Адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаментінің директоры:
Келешекте, бұл жобаларды өндірісте қолданамыз, компаниямызға енгізуге тырысамыз.
Жарыс жеңімпаздары қомақты сыйақыға ие болды. Мұнан бөлек, олар компания есебінен біліктілігін арттыру үшін шетелге бармақ. Бұл - жарыстың қызметкерге берген пайдасы.
Ал, компания көгілдір отынды тасымалдаудың тың әрі теңдессіз тәсілдерін иеленді. Бірер жылда жеңімпаз жобаларды өндіріске жаратамыз, деп отыр.
Нұрбек БЕКБАУ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04