Шығыс Қазақстанда күнделікті тұтынуға қажетті тауарлар қымбаттаған

11.04.2018

Жыл басынан бері көкөніс бағасы 15 пайызға дейін көтерілген. Ет-сүт өнімдерінің құны да шарықтаған. Әсіресе, жылқы етінің бағасы өткен жылмен салыстырғанда 5-10 пайызға өскен. Күнделікті сұранысқа ие азық-түлік өнімдерінің қымбаттамағаны кемде-кем. Сонымен қатар, киім-кешек, дәрілік препараттар, бензин, көмір бағасы аспандаған. Қызмет түрлерінің құны да үш айда көтерілген. Электр энергиясы 12 пайызға, ал, тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі 20 пайызға қымбаттады. Статистика мамандарының айтуынша, былтыр инфляция көрсеткіші төмен болған. Бірақ, аймақта баға тұрақталар емес. 

Людмила Колошина, ШҚО Баға статистикасы басқармасының басшысы:

- Ақылы қызмет түрлері бойынша денсаулық саласында дәрігерге алғашқы қаралу 18 пайызға дейін қымбаттап, тіс емдеу мекемелеріндегі баға 5 пайызға көтерілген. Білім саласы бойынша мектепке дейінгі мекемелерге төленетін төлемақы мен шаштараз, сұлулық салоны сияқты қызмет түрлері де бес пайызға дейін көтерілген.

 

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу