Ертең кәсіпкерлерді тексеруге мораторий жарияланады
Елбасы ертеңнен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланатынын айтқан болатын. Президент жоспарлы тексеру тәжірибесі алынатынын айтты.
«Мемлекеттік органдар менің Әкімшілігіммен келісе отырып, тексерулерді анықтаудың объективті, әлемдік стандарттарға сай келетін жүйесін жасайды. Сол жүйеге сәйкес, 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, заңнамаларды бұзу ықтималдығы жоғары кәсіпкерлер ғана тексерілетін болады. Егер кәсіпкер заңның барлық талабын орындайтын болса, тексеруші органдар оған мүлдем келмеуі тиіс», - деді Елбасы.
Мемлекет басшысының айтуынша, тексерулер жүргізу форматын түбегейлі қайта қарау кәсіпкерлерге қойылатын талаптар санын 30 пайыздан артыққа қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл бастаманың арқасында енді бизнестің тамырына қан жүгіреді, дейді кәсіпкерлер.
Асқар Біләлұлы, кәсіпкер:
Осы бизнесте жүргеніме 15 жыл болды. Жыл сайын 200-300 тексеру болатын. Мораторий жарияланатынын естіп, қуанып кеттік. Елбасыға шын жүректен алғысымды айтамын. Енді бизнесіміз алға қарай дамиды деп ойлаймыз.
Индира БЕГАЙДАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04