Қызылордада халықаралық би сайысы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада халықаралық би сайысы өтті

03.04.2018

Қызылордада «QYZYLORDA OPEN-2018» атты халықаралық балдық би турнирі өтті. Тұңғыш рет ұйымдастырылған шараға әлемнің түкпір-түкпірінен келген 500-ден астам өнерпаз қатысты. Олар вальс, танго, фокстрот, квикстеп сияқты еуропалық және самба, ча-ча-ча, румба, джайв сияқты латынамерикалық би түрлері бойынша сынға түсті.  Мамандар бал билерінің түрлі ерекшеліктеріне қарай оны нағыз сәнді спорт түріне жатқызады. Сондықтан, бұл маңызы зор сайыс шығармашыл жастардың шеберлігін шыңдайды деп есептейді. 

Игорь Ким, «Қазақстан ұлттық би кеңесі» ҚБ президенті:

- Қызылорда қаласында ұйымдастырылған тұңғыш халықаралық би жарысы өте жоғары деңгейде өтті. Спорттық өнерге икемі бар жастар өзара тәжірибе алмасты, шеберліктерін шыңдады. Себебі, бұл сайысқа әлемдік рейтингте көш бастап жүрген бишілер де қатысты. Бұл жастарға үлкен мүмкіндік.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ 

Хабарламаларға жазылу