Халықаралық  би турнирі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық  би турнирі өтті

09.04.2019

Қызылордада халықаралық балдық би турнирі өтті. Биыл екінші мәрте ұйымдастырылған сайысқа 500-ден астам  биші қатысты. Олар Оңтүстік Корея, Беларусь, Украина, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген. Сайысқа қатысушылар 5 жанрда өнер көрсетті. Латынамерикалықтан бастап, еуропалық би түрлерінен сынға түсті.   Бишілердің ең кішкентайының жасы төртте. Балалар, жасөспірімдер, ересектер жұптары бойынша Еуразия кубогы сарапқа салынды.    

Мария Алексанова, турнирге қатысушы:

Біз Украинаның Киев қаласынан келдік. Жол ұзақ болса да, Қызылордаға келген  соң бәрін ұмытып кеттік.   Бізді өте ерекше ықыласпен  қарсы алды. Ризамыз. Сайыс  та өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Біз ойлағаннан да керемет болды. Жас бишілермен де жұмыс істеп үлгердік. Келер жылы да келетін шығармыз.   

Ақерке  БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу