ШҚО-ғы Шалқар ауылы судан құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-ғы Шалқар ауылы судан құтқарылды

26.03.2018

Тасқынның екінші толқынынан, әсіресе, Зайсан ауданындағы Шалқар ауылы зардап шеге жаздады. Таудан аққан қар суынан «Омбы-Майқапшағай» тасжолының бойында орналасқан шағын елді мекенге қауіп төнді. Дереу штаб отырысы өтіп, ауылды су басып қалмауы үшін түнгі сағат 3-те республикалық маңызы бар жолды қазып, құбыр салу туралы шешім қабылданған. Осының арқасында Шалқар ауылының маңына молынан жиналған су жолдың екінші жағына, жазық далаға ағып кетті.

Әсет Құсайынов, Зайсан ауданы әкімінің орынбасары:

 - Аудан басшылығы атынан сол кезде дереу шешім қабылдап, өз тараптарынан осы жолды кесіп жіберген «ҚазАвтоЖол» ЖШС-не алғысымызды білдіреміз. Ертеңінде жол қозғалысын қалпына келтірді. Әрине, алғысымыз шексіз.

Айдана ДАЙЫРОВА

Хабарламаларға жазылу