Қызылордада апатты үй тұрғындары баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада апатты үй тұрғындары баспаналы болды

16.03.2018

Қызылорда қаласында көпқабатты 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Соның 143 пәтеріне үйі апатты деп танылған отбасылары қоныстанды. Естеріңізге сала кетейік, наурыз айының 1-і күні облыс орталығындағы жатақхана ғимаратының бір бөлігі құлап, онда тұратын 46 отбасы   баспанасыз қалған болатын. Сол кезде облыс әкімі ол жанұяларды 6 ай мерзімге уақытша пәтерге көшіріп және сол уақыт ішінде тұрақты үймен қамтамасыз ету жайын да шешетіндігін айтқан болатын. Уәде орындалды. Одан бөлек, тағы бір апатты деп танылған жатақхана ғимаратында тұрып жатқан тұрғындар да жаңа пәтерге көшірілді.  

Айткүл Мақұлбекова, жаңа пәтер иесі:

- Халықты ойлап, осындай жағдай жасап жатқандарына шын көңілден рахметімді айтамын. Сол үйде тұрғаныма 18 жыл болды.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ  

Хабарламаларға жазылу