Қызылордада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды

16.03.2023

Қызылордада Ұлыстың ұлы күні қарсаңында 40 отбасы баспаналы болды. Жаңа пәтердің кілттері апатты үйде тұрып келген жанұяларға табысталды. Көпқабатты тұрғын үй қаланың сол жағалауынан бой көтерген. Жалпы облыста биыл апатты деп танылған үйлердің тұрғындарын жаңа баспанамен қамтуға 1,5 миллиард теңге бөлінді. Осы күнді көптен күткен отбасылардың алғашқы легі бүгін қоныс тойын тойлап, қуанышқа бөленіп жатыр.

Әлима Әбішева, қала тұрғыны:
Біз мынау Титов қыстағында апатты үйде тұратын едік. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жаңа пәтерге ие болып жатырмыз. Жаңа үйге келіп жатырмыз. Пәтер кезегінде тұрған тұрғындарға да осындай күнді тілеймін.
Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу