Қызылорда іргесіндегі Талсуат ауылында мұражай ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда іргесіндегі Талсуат ауылында мұражай ашылды

15.03.2018

Дарияны өзектей орналасқан елді мекеннің тарихы терең. Алғаш рет мұнда  1853 жылы жер аударылып келген орыс отбасылары қоныстанған. Олар бау-бақша өсіріп, мал ұстап, тұрақтағаннан кейін ауылдың ауқымы да кеңейе  түсті.  Халық саны артты. Қазір Талсуатта  екі мыңға жуық үй бар. Ауыл мектебіндегі мұражайға  жинақталған жәдігерлер өткен мен бүгінгі күнді айшықтап, ерекше сәттерден  сыр шертеді.  Әрбір зат, әрбір құжат  құнды. Онда елді мекеннің дамуы үшін, өсіп-өркендеуі үшін еңбек еткен жандардың маңдай тері  бар. Сол азаматтардың есімін ұлықтау  және  өскелең ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында «Дария жағасындағы жаңарған ауыл» атты кітаптың да тұсауы кесілді. 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу