2014-2016 жылдарға арналған бюджет қаралды
Бүгін Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінде 2014-2016 жылдарға арналған республикалық бюджеті талқыланды. Макроэкономикалық көрсеткіштердің 2014 жылға нақтыланған болжамына байланысты, сондай-ақ, Мемлекет басшысының тапсырмаларын уақытылы іске асыру мақсатында құжатқа өзгерістер енгізілді.
Оған сай Ұлттық қордан бөлінетін кепілдендірілген трансферттің мөлшері 1 триллион 480 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Яғни, жаңа Заң жобасында қаралған қаржы бұрынғы бекітілген бюджетпен салыстырғанда 100 миллиард теңгеге артық. Жаңа құжат ертең Сенат отырысында талқыланады.
Ерболат Досаев, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі:
Доллар бағамы 185 теңгеге дейін ұлғаюына байланысты 2014-жылғы бекітілген ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 1 триллион 480 миллиард теңгені құрайды. 2014 жылға айқындалған кепілдендірілген трансферт мөлшері ұлттық қордағы үнемделмейтін қаражаттың қалдығы бойынша шарттың орындалуын ЖІӨ-нің 30 пайызы мөлшерінде қамтамасыз етеді.
Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Израиль Ливанға соққы беруді тоқтатқан жоқ
11.06.2026, 20:59
СІМ қазақстандықтарға Иранға бармауға кеңес берді
11.06.2026, 20:58
Халық табысын арттыруға арналған арнайы жоспар қабылданды
11.06.2026, 20:56
Сенат рақымшылық туралы заңды мақұлдады
11.06.2026, 20:55
Шымкенттің жалпы өнім көлемі 6 трлн теңгеге жуықтады
11.06.2026, 20:53
Бүгін футболдан Әлем чемпионаты басталады
11.06.2026, 20:17
«Үлкен Алтай-2026» халықаралық конференциясы өтті
11.06.2026, 20:14
Қытайдың Цзянсу провинциясымен меморандумға қол қойылды
11.06.2026, 20:12