Қаржы министрлігі: Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан түскен табыс 5,5 млрд теңгеден асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаржы министрлігі: Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан түскен табыс 5,5 млрд теңгеден асты

08.01.2016
Қаржы министрлігі: Республикалық меншіктегі нысандарды сатудан түскен табыс 5,5 млрд теңгеден асты

2016 жылдың 5 қаңтарына ҚР мемлекеттік бюджетіне республикалық меншіктегі нысандарды сатудан 5,5 млрд теңгеден астам қаражат түсті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі.

Осылайша, ведомствоның мәліметінше, 2014 жылдың маусымынан бастап 2016 жылдың қаңтарына дейін 491 нысан жекешелендірілуге жатады, олардан 239 нысан сатылды, оның ішінде республикалық меншік бойынша - 15, коммуналдық меншік бойынша - 114, ӘКК бойынша - 60 және холдингтер бойынша - 50 нысан.

«Сатудан түскен қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 5 509 млн теңге, облыстық бюджеттерге 2 937 млн теңгеден астам, холдингтер - 67 261 млн теңге, ӘКК - 2 956 млн теңге», - делінген хабарламада.

Барлығы, ҚМ мәліметінше, 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесіне сәйкес 833 нысанды сауда-саттыққа шығару жоспарланған.

Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 41 нысан жекешелендіруге жатады. Ағымдағы жылғы 5 қаңтардағы жағдай бойынша сауда-саттыққа 28 нысан шығарылды, оның ішінде 15 нысан сатылды.

2016 жылдың соңына дейін коммуналдық меншік бойынша 491 нысан сауда-саттыққа белгіленді, олардың 243 нысаны ағымдағы жылдың қаңтар айынын соңына дейін жекешелендіруге жатады. 221 нысан саудаға шығарылды, соның ішінде 114 нысан сатылды.

Бұдан өзге, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бойынша сауда-саттыққа 170 нысан белгіленді, оның ішінде 2016 қаңтарына 109 нысан жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 86 нысан сатуға қойылды, 60 нысан сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша 2014-2016 жылдарға арналған сату кестесі бойынша 131 нысан жекешелендіруге жатады, 5 қаңтардағы жағдай бойынша жоспарланған 111 нысанның 93-і саудаға шығарылды, оның ішінде 50 нысан сатылды.

Хабарламаларға жазылу