СҚО-да көктайғақтан 84 адам мертігіп қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СҚО-да көктайғақтан 84 адам мертігіп қалды

07.03.2018

Солтүстік Қазақстан облысында қар аралас жаңбыр жауып, жұртты әбден әбігерге салды. Ауа райының қолайсыздығынан көліктердің қозғалысы шектеліп, ондаған адам мертігіп, ауруханаға түсті. Көктайғаққа айналған жолда бір күнде 84 адам тайып құлап, дәрігердің көмегіне жүгінген. Сонымен қатар, бір тәулікте 16 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, барлық бағыт бойынша жолдар жабылып жатыр.

Ержан Әбуғалиев, Петропавл қалалық №3 аурухананың бас дәрігері:

Ауруханаға келгендердің бәріне көмек көрсетілді. Жарақаты ауыр 11 адамды ем қабылдау үшін жатқыздық. Көбінің бұлшық еттері мен сүйектеріне зақым келген. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін оқу орындарында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз.

Самат САПАРАЛЫ

Хабарламаларға жазылу