СҚО-да көктайғақтан көлік қозғалысы қиындады
Петропавл – Қорған бағытындағы жолда көктайғақтан көлік кептелісі пайда болды. Жүк көліктерінің бірі жол жиегіне де шығып кете жаздады. Бұл тас жолдың ұзындығы - 31 шақырым. 2017 жылы оны жөндеу үшін 10 млрд теңге бөлінген болатын. Алайда мердігер мекеме жұмысты соңына дейін жеткізбеді. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы облыста республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарды тазалауға қазынадан 900 млн теңге бөлінген.
Евгений Прасолов, жүк көлігінің жүргізушісі:
Жүру мүмкін емес. Жол сырғанақ болып қалған. Жеңіл көліктердің өзі әзер қозғалып жатыр. Сағатына 15-20 шақырым жылдамдықпен қозғалып келеміз. Қар тазаланбайды, құм төселмейді. Осы жолмен жиі жүреміз. Ешқандай күтім жоқ.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Іле Алатауы паркінде 3 үнді жайрасы фототұзаққа түсіп қалған
15.02.2026, 21:57
Елімізде мұнай-газ химиясын жеке сала ретінде дамыта алмауға не себеп?
15.02.2026, 20:07
Тарихи алтын: М. Шайдоров II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталады
15.02.2026, 20:04
Президент: Қажетсіз «жол карталарын» әзірлеу – жауапкершіліктен қашу деген сөз
15.02.2026, 20:00
Референдум–2026: 12,5 млн қазақстандық дауыс бере алады
15.02.2026, 19:50
Бюджеттің тиімсіз игерілуіне не себеп?
15.02.2026, 19:46
Жаңа Конституция жобасы ұзақ мерзімді стратегиялық бағытты айқындап берді
14.02.2026, 20:10
Тарихи-мәдени мұраның Конституциялық құндылықтар жүйесіндегі рөлі талқыланды
14.02.2026, 20:09