Ақтөбеде көктайғақтан зардап шеккендер көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде көктайғақтан зардап шеккендер көбейді

19.03.2021

Ақтөбеде кешелі бері көктайғақтан зардап шеккендер көбейді.  Облыс орталығы кеше түнде мұз құрсауында қалды. Салдарынан көлік жүре алмай, адамдар құлап, мертігіп жатыр. Травматология бөліміне аяқ-қолы сынған 20 адам түскен. Тағы 20-сы түрлі жарақатпен келіп,оларға жедел көмек көрсетілді. Қазгидромет орталығының мамандары бүгін де жаңбыр жауып, қатты жел тұруы мүмкін деп отыр.

Абзал Қадырбаев, травматолог-ортопед: 
Көктайғақтан кейін адамдардың осында келуі 30-40 пайызға өседі. Соңғы екі күнде жобамен 40 адам келді.

Жақсыбек Кемал

Хабарламаларға жазылу