Кедендік одақ кедергілерден арылтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кедендік одақ кедергілерден арылтты

26.03.2014
Кедендік одақ кедергілерден арылтты
Кедендік одақ құрылғалы отандық кәсіпкерлердің бизнесі өркендеді деуге толық негіз бар. Кәсіпкерлеріміздің өнімдеріне ішкі нарықтан басқа, Ресей мен Беларусьтан арнайы тапсырыстар жиі беріле бастады. Соның арқасында Атырау өңірі өткен жылы Ресей мен Беларусьқа 40 миллион АҚШ долларының тауарын экспорттаған.
 
Бұл кәсіпорында негізінен қант пен ұнға және материалдық қоспаларға арналған қапшықтар мен шпагат жіптер дайындалады. Өнімдерге қажетті түйіршектелген пропилен деп аталатын шикізат Түркіменстаннан әкелінеді. 
 
Батырбек Қуандықұлы, тілші:
Зауыт басшылығы болса, Атыраудағы түйіршектелген пропиллен шығаратын газ-химиялық кешен құрылысының аяқталуын күтіп отыр. Кешен пайдалануға берілсе, олар мына түркімендік шикізаттан бас тартып, отандық өнімге көшуді жоспарлауда.
 
Бұл өз кезегінде, өнім көлемін арттырып, пайданы еселей түсіретіні сөзсіз. Ал, кәсіпорынға керегі де осы. Оның даму жоспары осыған негізделген. Сондықтан, кәсіпорын газ-химиялық кешенмен пропилен сатып алу туралы алдын-ала келісім жасасты. Сондай-ақ, жұмысын жүйелеп, өндіріс орнын соңғы үлгідегі заманауи технологиялармен жабдықтап жатыр.
 
Александр Перкин, зауыт директоры:
Сұраныс өте көп. Әсіресе, Ресей елінен. Тапырысты уақытылы орындау үшін Австриядан арнайы аппаратты әкелдік. Ол сағатына 600 келі шикізатты өңдеп шығарады. Тағы екеуін сатып аламыз. Сонда, өнімді қажетті көлемде, керек уақытында шығара аламыз.
 
Компания келесі жылы өндіріс қуатын 3 есе арттыруды жоспарлап отыр. Қазір, бұл бағытта қажетті құжаттар жинақталып жатыр. Сондай-ақ, Еуропа нарығына да жол салынуда. 
 
Этибар Мамедов, өндіріс басшысы:
Енді, Әзірбайжан, Грузия және Чехиядан да тауарымызға қызығушылық танытатын мекемелерді қарастырудамыз. Бұл жұмысты ол жақтағы өкілдеріміз жүзеге асыруда. 
 
2015 жылы зауыт толық қуатымен жұмыс істей бастағанда, 500-дей жергілікті тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылмақшы. Жылына 60 миллион дана өнім дайындалатын болады.   
 
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу