Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін сандық жүйеге көшіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің Орталық сайлау комиссиясы сайлаушылар тізімін сандық жүйеге көшіреді

27.02.2018

Бұл «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында іске асырылады. Тізімді цифрландыру сайлаушылар үшін де, комиссия үшін де тиімді. Жаңа жүйе жүзеге асса, бұрынғыдай дауыс берушінің тізімнен өзін таппай қалуы сияқты мәселелер мүлдем болмайды. Оған электрондық жүйе жол бермейді. Бұл туралы өткен жылды қорытындылап, биылғы жоба-жоспарларын бекіткен Орталық сайлау комиссиясының жиынында айтылды. Осы жылы сайлау комиссиясы заңнаманы жетілдіріп, электораттың құқықтық сауаттылығын арттыруға басымдық береді.

Константин Петров, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Орталық сайлау комиссиясы тізімді цифрландыруға қатысты шараларға жүйелі түрде кірісті. Бұл бағыттағы жұмыстарды алдағы 1,5-2 жылда аяқтаймыз. Кешенді жоба ақпараттық жүйені интеграциялауға,байланысты арттыруға, нақты дерекке қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу