Оңтүстікте киім тігетін фабрика іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында ерлерге арналған классикалық киім тігетін фабрика іске қосылды. Жаңа өндіріс орны жылына 26 мың дана костюм-шалбар шығарады. Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асқан фабриканың жалпы құны - 158 миллион теңге.
«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында төмен пайызбен несие беріліп, инфрақұрылым тартылған. Оңтүстікте баламасы жоқ Қытай, Жапония,Түркия елдерінің қондырылғыларымен жабдықталған кәсіпорында 90 адам жұмыс істейді. Күніне 700 дана классиалық киім тігетін кәсіпорында қазір өнімнің 10 түрі өндіріледі.
Ерік Сапар, ЖШС-ның атқарушы директоры:
Ішкі нарықты қамтамасыз еткен соң экспортқа да шығаруды қарастырып отырмыз. Шикізатты Түрік елінен әйгілі «алтын жұлдыз» фабрикаларынан алып отырмыз. Соған байланысты болады бағалары.
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04