ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың бойына ұзындығы 5 мың метрге жететін қар ұстайтын қалқандар орнатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да республикалық маңызы бар жолдардың бойына ұзындығы 5 мың метрге жететін қар ұстайтын қалқандар орнатылды

26.02.2018

Шығыс Қазақстанда республикалық маңызы бар жолдардың бойына жалпы ұзындығы 5 мың метрге жететін қар ұстайтын қалқандар орнатылды. Жиі қар алып қалатын тас жолдардың маңында арнайы дуалдар да тұр. Аймақтағы 3400 шақырым республикалық маңызы бар жолдарға жауапты «ҚазақАвтоЖол» мекемесінің 165 қар тазалау техникасы бар. Олардың жартысынан көбі күнделікті жұмыс істейді. Ауа райы нашарлаған кезде жол саласының мамандары күшейтілген тәртіпке көшеді. Кәсіпорын басшылығының мәлімдеуінше, жанармай мен көктайғақта жолға себетін материал жеткілікті. Соңғы бір аптада облыстың бірқатар аудандарына қалың қар түскенімен, көлік қозғалысы кідірген жоқ. 

Іңкәрбек Атабаев, «ҚазақАвтоЖол» ЖШС облыстық филиал директоры:

- Республикалық маңызы бар жолдарды қардан тазалау үшін облыс бойынша күнделікті 70-75 арнайы техника жұмыс істейді. Биыл ең көп қар Шемонайха, Зырян және Глубокое аудандарында жауды. Сонымен қатар, қар көшкіні түсу мүмкін қауіпті аумақтарды күн сайын бақылап жүреміз.

Хабарламаларға жазылу