Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқиды

08.01.2024

Астанада екінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Қазгидрометтің мәліметінше, елордада 8 қаңтарда қалың қар жауып, кей уақытта бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Ауа температурасы түнде және күндіз -2 градусқа төмендеп, аяз болады.

Сондай-ақ қолайсыз ауа райына байланысты елдің 5 облысында республикалық маңызы бар автожолдардың 15 учаскесінде барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу енгізілді. Қазір жолдарды тазартуға 333 техника мен 485 адам жұмылдырылған.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу