Қандастарымыздың кәсібі өрлеуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қандастарымыздың кәсібі өрлеуде

19.03.2014
Қандастарымыздың кәсібі өрлеуде

Түркиялық қандастарымыз Анадолы жеріне алғаш келгенде тері өңдеп, төрт түлік мал өсірген. Ата-бабадан қалған бұл кәсіпті олардың ұрпақтары әлгі күнге дейін жалғастырып келе жатыр.

 
Түркияның Нигде қаласының қазақтары мал шаруашылығымен айналысса, Стамбулда тұратын қандастарымыз теріден түрлі киім-кешек, аяқ киім тігудің нағыз шеберлері.
 
Незир Акюз тері өңдеумен 1988 жылдан бері айналысып келеді. Өз алдына жеке компания ашқаннан кейін ісі бірден өрге домалайды. Атқарылар тірліктердің ауқымы артып, табысы молаяды.
 
Қазір жылына орташа есеппен 10 мыңға жуық тон тігеді. Сапасы өте жоғары болғандықтан, тауарға сұраныс өте көп. Тапсырыс негізінен ТМД елдерінен толассыз түсіп жатады.
 
Незир Акюз, кәсіпкер:
Қазақстан болсын, Ресей болсын, интеграциялық байланыста. Сондықтан, түрлі модельде ұсынамыз.
 
Қандасымыз болашақта тауар түрлерін көбейтіп, өндірісін қазіргіден де кеңейтуді көздеп отыр. Сол арқылы Стамбулда тұратын қазақ жастарын жұмысқа көптеп тартпақшы. Қазірдің өзінде Незир Акюздің бірнеше көмекшісі бар.
 
 Баһадүр Хакім: 
Жұмыс бірнеше сатыдан тұрады.
 
Жалпы, Түркияда тері секторы жақсы дамыған. Осы сала ел экономикасына жылына 15-20 миллиард доллар табыс келтіріп отырады. Әрине, бұл жетістікте біздің қандастарымыздың да айтарлықтай үлестері бар.
 
Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу