Көліктердің техникалық жағдайы тексерілуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көліктердің техникалық жағдайы тексерілуі керек

16.02.2018

Қазақстан жол апаты салдарынан қайтыс болғандардың саны жөнінен 50 мемлекеттің ішінде бірінші орында. Бұл туралы бүгін Сенаттың комитет отырысында айтылды. «Жол-көлік оқиғаларының көп болуының басты себептерін анықтап, заңнамаға өзгеріс енгізу қажет»,-дейді депутаттар. Әсіресе, қолданыстағы көліктердің техникалық жағдайы қандай? Бұл мәселеге баса мән берген жөн. Өйткені, техникалық тексеруден өткен, бірақ, ақауы бар адам тасымалдайтын автобустар да жеткілікті. Олардың пайдалану мерзімін белгілеп, жарамсыздарын айналымнан шығару керек. 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу