Ақтөбеде жеделсатылардың техникалық жағдайы тексеріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде жеделсатылардың техникалық жағдайы тексеріледі

10.04.2018

Көпқабатты үйлердегі жеделсатылардың техникалық  жағдайы жаппай тексеріледі. Ақтөбедегі қайғылы оқиғадан кейін ғана жергілікті билік осындай қадамға барды. Еске салсақ, төртінші сәуір күні 28 жастағы Айзат Әбдісамат тұрғын үйлердің біріндегі лифтіде қысылып қалып,  мерт болған еді. 

Жеделсатының қызметіне «Жаңабек сервис» серіктестігі жауапты болған. Қазір ескі лифттердің барлығы қайғылы жағдайдан кейін, тоқтап тұр. Көпқабатты тұрғын үйлердің лифттерін тексеру үшін өңірде арнайы комиссия құрылды.

Нұртай Сертаев, облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Комиссия тобының құрамында тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері, азаматтық қорғаныс, өнеркәсіп қауіпсіздігі және сараптама ұйымдарының мамандары бар. Жұмыс тобының қорытындысын ағымдағы жылдың 30-шы сәуіріне дейін аяқтау жоспарланған.

Хабарламаларға жазылу