Жаңа курорттық қалашық пайда болмақ

02.02.2018

Биыл Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту үшін бірнеше ірі жоба жүзеге аспақ. Олардың ең ауқымдысы - жаңа қалашықтың құрылысы. Қазір Бурабайды дамытуға арналған кешенді бағдарламаның үшінші кезеңі жүзеге асып жатыр. 2020 жылға дейін жоспарланған шараларға 61 миллиард теңге қарастырылған. Бұл мәселе Астанада осы аймақты дамытуға арналған жиында көтерілген болатын.

Туристерді көптеп тарту үшін «Four Seasons» жобасы қолға алынған. Яғни, жыл оны екі ай тоқтаусыз жұмыс істеу көзделіп отыр. Оның аясында Бурабайда ірі республикалық, халықаралық шараларды ұйымдастыру жоспарланған. Сондай-ақ, «Бурабай-Даму» серіктестігіне тиесілі бағыттар бойынша да биыл бірнеше жоба іске асырылмақ. Туристерге қызмет көрсететін Саll-орталық ашылған.

Ғалымжан Әбдіхалықов, «Бурабай-Даму» серіктестігінің директоры:

- Бурабай аймағындағы аумағы 233 гектар Үлкен шабақ көлі мен Текке көлінде жаңа курорттық қалашық салынбақ. Бұл инвестициялық жоба. Іс басқармасының бекітуімен «Бурабай-Даму» серіктестігі осы инвестициялық жобаның басқарушы компаниясы ретінде бекіді.

Куротты аймақты дамыту үшін әуелі Бурабай кенті мен Щучье қаласындағы жолдар жөнделмек. Табиғаты әсем аймақтың инфрақұрылымының жетілдіріліп, көпшілікке қолайлы жағдай жасалуы жергілікті тұрғындарды қуантып отыр.

Жаңа қалашықта спорттық және сауықтыру орталықтары, аквапарк, шаңғы базасы және қонақүйлер бой көтермек. Биылдан бастап «Қазақстандық Лапландия» жыл бойы жұмыс істейтін болады. 

Ермек Елберген, тілші:

- Абылайхан алаңында биыл жаңа көрме кешені пайда болмақ. Оның ерекшелігі мультимедиалық форматта болуы. Ол арқылы әлемнің кез-келген мұражайына саясат жасауға болады. «Визит-орталығында» да 3 бірдей мұражай жұмыс бастамақ. Мұның барлығы туристердің санын көбейту үшін жасалып жатыр. Ал, оның нәтижесін уақыт көрсетер. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу