Сарыағашта заманауи курорттық қалашық салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарыағашта заманауи курорттық қалашық салынады

02.08.2015
Сарыағашта заманауи курорттық қалашық салынады

Бүгінде Сарыағаш демалыс аймағын халықаралық деңгейге жеткізу мақсатында жаңа жоба әзірленуде. Жоба жүзеге асса, 600га аумақта демалып-сауығуға ыңғайлы, заманауи талапқа сай, 1500 орынды куроттық қалашық бой түзейді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Көгалдандыру мен бассейндер құрылысын бастауға облыс қазынасынан қаржы бөлініп, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілмек. Сондай-ақ, аумақта инфрақұрылым тартылып, арнайы су жүйелері салынбақшы.

Енді Сарыағаштағы шипалы су әр санаторийге жеке-жеке тасымалданбай, орталықтандырылған жүйе арқылы таратылмақ. Сонымен қатар, емдік-сауықтыру орындары мен курорт аумағында балаларға арналған аттракциондар салу, сауда қатарларын шығыс стилінде қайта құру да қарастырылған.

Демалушылар үшін қолға алынатын жобаның алғашқы кезеңі биыл басталады.

Хабарламаларға жазылу