Алматыда бірнеше мектепте сабақ уақытша тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бірнеше мектепте сабақ уақытша тоқтатылды

25.01.2018

Алматыда алғаш рет мектептерде карантин жарияланды. Бірақ, бұл шешім қалалық білім ордаларының барлығына қатысты емес. Ауа температурасы қалыпты жағдайдан тыс төмендеген аудандардағы мектептерде ғана сабақ уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, Алмалы ауданындағы технология және флористика колледжінде жылу жүйесі құбыры жарылған. Қазір қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал, қалған 19 колледж, 23 мектептен тыс ұйым, 14 интернаттық мекеме, 196 жалпы білім беретін мектептер мен 179 мектепке дейінгі мекемелерде жұмыс қалыпты жағдайда жалғасуда.

Ләззат Жылқыбаева, қалалық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Бүгін таңғы уақытта ауа райының қалыпты жағдайдан төмен болуына байланысты Алматы қаласының кейбір өңірлерінде, таулы аймақтарындағы кей мектептерде сабақ тоқтатылды. Ал, ертең «Казгидромет» орталығының берген мәліметіне сәйкес, ең төменгі ауа райы Алматы қаласында болатындықтан 1-9 сыныптарына сабақ тоқтатылады.

Лаура ҚУАНЫШҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу