Алматыда 14 әуе рейсі уақытша тоқтатылды
Алматыда ауа райының қолайсыздығы салдарынан 14 әуе рейсі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі.
«Тұман салдарынан Алматыда «Эйр Астана» компаниясының бірқатар рейсі тоқтатылуы немесе мүлде ұшырылмауы мүмкін. Қазір ұшақтардың ұшуына мүмкіндігінше шара жасалуда», делінген компания сайтында.
Алматыдан Абу-Даби, Шымкент, Дели, Қызылорда, Душанбе, Павлодар және Астана бағытындағы рейстер шегерілген. Осыған байланысты Алматыға бағытталған рейстер де тоқтатылатын болады. Сондай-ақ, Астанадан ұшып шыққан ұшақ қалың тұман салдарынан Алматы әуежайына қона алмай, Қарағандының қосымша әуежайына қонуына тура келген.
Алматы әуежайында сонымен қатар, SCAT әуе компаниясының Семей және Қарағанды бағытындағы екі рейсі, Прага бағытындағы «Czech Airlines» ұшағы, Лондон бағытындағы «British Airlines», Стамбул бағытындағы «Turkish Airlines» және Абу-Дабиге бағытталған «Etihad» бортының рейстері шегерілген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16