Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 21/450 әскери бөлімінің сарбазы жоғалып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 21/450 әскери бөлімінің сарбазы жоғалып кетті

24.01.2018

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы 21/450 әскери бөлімінің сарбазы Жанболат Бозбанов із-түзсіз жоғалып кетті. Әскер қатарында жүргеніне 9 ай болған ол кешкілік түгендеу кезінде болмаған. 21 қаңтар күні кешкі сағат 7 мен 8 аралығында ұшты-күйлі ғайып болып кеткен жауынгер әлі табылған жоқ. Шарасыздықтан шарқ ұрып, арнамыздан көмек сұраған Жанболаттың туысқандары әскери бөлімнен ешқандай нақты ақпарат ала алмай отырғанын айтады. 19 жасқа қараған сарбаз Атырау облысы, Индер ауданы, Есбол ауылынан шақыртылған.

Айнұр Нұржанқызы, жоғалып кеткен сарбаздың әпкесі:

- Жиырма екісі күні Жанболаттың туған ағасы Омаров Бақытжан Нұржанұлына жасырын нөмірден əскери бөлімшеден балалар соғып, тəте ініңізді алып кетіңіз, болмаса үш күннің ішінде мүгедек немесе бала жоғалып кетуі мүмкін деген хабарлама келеді. Содан соң жарты сағаттан кейін тағы жасырын нөмірмен қоңырау шалынады. «Тəте, біздер таяқ жеп шығып жатырмыз командирлерден. Ініңізді алып қалды подвалда аяқ-қолын байлап, жіппен ауызын керіп, жəбірлеп жатыр» деген тағы да хабарлама келеді. Артынан ағасы жиырма төрті күні таңда бөлімге барады. Жаңағы жасырын нөмірді тексеріп қарағанда командирдің номері болып шығады.

Осы жағдайға қатысты Қорғаныс министрлігі таратқан мәлімет бойынша әскери бөлімнің жеке құрамы, «Гвардейский» гарнизоны әскери полициясы бөлімі және жергілікті Ішкі істер органдары бірлесіп, қатардағы жауынгер Жанболат Бозбановты іздестіріп жатыр.

Жанболаттың ағасы Бақытжан Омаровтың телефон нөмірін назарларыңызға ұсындық.  87026236698 Қандай да бір мәлімет болса, хабарласуларыңызды сұраймыз.

 

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

Хабарламаларға жазылу