Арыста мыңнан астам пойыз жолаушысына көмек көрсетілді
Жамбыл облысында орын алған төтенше жағдайға байланысты темір жол қатынасы да тоқтатылғаны белгілі. Осыған орай тоғыз жолдың торабы саналатын Арыс станциясында бірнеше сағат бойы аялдап қалған Ақтөбе-Алматы бағытындағы пойыздың 600ге тарта жолаушысына және Қызылорда-Көкшетау бағытындағы пойыздың 457 жолаушысына жан жақты көмек көрсетілді. Жергілікті әкімдік қызметкерлері мен станция қызметкерлері, сондай-ақ, жедел жәрдем станциясының арнайы бригадалары мен полицейлер ұйымдастыру жұмыстарына жұмылдырылды. Барлық жолаушыларға ас, су ұсынылып, қажеттіліктеріне қарай өзге де көмек көрсетілді. Шымкент қаласына жеткісі келген жолаушылар үшін жергілікті кәсіпкерлер тарапынан арнайы көліктер ұйымдастырылды.
Айнұр Ақбаева
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаһан жаңалықтарына шолу
10.06.2026, 20:52
Су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
10.06.2026, 20:50
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті
10.06.2026, 20:47
Таза көшелерде маңдай тердің табы бар
10.06.2026, 20:46
3 жылда Бибісара Асаубаеваға 700 млн теңге қолдау көрсетілген
10.06.2026, 20:44
Ертең футболдан Әлем чемпионаты басталады
10.06.2026, 20:42
«Digital Qazaqstan» жалпыұлттық стратегиясы бекітілді
10.06.2026, 20:14
Ескі үйлер арзандап, жаңасы қымбаттады
10.06.2026, 20:12