Текелі қаласына газ тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Текелі қаласына газ тартылады

25.01.2018

Алматы облысындағы шағын шаһар Текеліге биыл көгілдір отын беріледі. Бүгінде Талдықорған қаласынан жоғары қысымды газ құбырын тарту жұмыстары басталды. Бұл туралы кеншілер қалашығының әкімі Бақтияр Өнербаев тұрғындар алдындағы есебінде мәлімдеді. Сондай-ақ, шаһардың инвестициялық және туристік мүмкіндіктері таныстырылды. Қала маңынан инвесторларға туристік нысандар салуға 2 гектардан астам жер қарастырылған. Үкімет деңгейінде көтерілген Текелінің экологиялық мәселесі де шешімін тапты. Тау-кен байыту комбинатының ескі қалдық төгетін қоймасын жауып тастау үшін республикадан қаржы бөлінді. 

Тұрысбек Жұмәділов, Текелі қалалық мәслихатының депутаты:

 - Өте өзекті мәселе көп жылдан бері шешілмей келе жатқан болатын. Биыл осы мәселенің ПСД-сына 18 млн ақша бөлініп отыр. 

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу