Президент: Текелі тұрғындары таза ауыз сусыз отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент: Текелі тұрғындары таза ауыз сусыз отыр

20.10.2022

Текелі тұрғындары таза ауыз сусыз отыр. Осылай деген Президент Жетісу жұртшылығымен кездесуде мәселені ұзаққа созбай шешуді жүктеді.

Өңір халқының 90 пайызы сумен қамтылғанына қарамастан, құбыр желілері әбден тозған. 1,2 мың шақырым құбыр желісі күрделі жөндеуді қажет етеді. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдікке құрылысты қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Облыс және қала әкімдері аталған тапсырманың орындалуына тікелей жауапты. Үкімет республика бюджетінен алдағы жылы қаржы бөлу мәселесін қарастыруға тиіс. Келесі маңызды бағыт – өңірді газбен қамтамасыз ету. Бұл шара халықтың жайлы өмір сүруіне, тұрмыс сапасын жақсартуға әсер етеді. Сондай-ақ, экологиялық мәселелерді шешуге септігін тигізеді.

«Талдықорған – Үшарал» бағытында газ құбыры тартылады

Алдағы уақытта «Талдықорған – Үшарал» бағытында газ құбыры тартылады. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарына газ жеткізуге мүмкіндік береді. Президент Үкіметке осы жобаны қаржыландыруды жүктеді.


Хабарламаларға жазылу