Шетпе зауыты елімізді цементпен қамтамасыз етуге қауқарлы
Арнайы экономикалық аймақта біртектес кәсіпорындар болмауы керек. Осы сын Елбасы тарапынан да айтылған болатын. Индустрия және жаңа технологиялар министрінің бірінші орынбасары Альберт Рау Маңғыстаудағы сапарында осы жайтты түсіндірді.
Вице-министр Шетпедегі цемент зауытына барып, құрылысы қарқынды өндірістің тыныс-тіршілігімен танысты. Маңғыстаудың боры, сазы, құмын оған қоса темір рудасын барлығын араластырып 1450 градусқа дейін қыздырады. Оған гипс қосылып, цемент өндіретін зауыттан жылына 800 мың тонна өнім алынады.
Алғашқы өнімді осы жылдың ортасында шығару жоспарланып отыр. Еліміздегі бірегей зауыт болашақта бүкіл Қазақстанды цементпен қамтуға қауқарлы.
Тұрар Тілеуханов, цемент зауытының жұмысшысы:
Зауыттың жергілікті халық үшін де, былайғы жұрт үшін де пайдасы көп болады, деп есептейміз. Болашағы зор зауыт екеніне сенеміз. Елімізді көркейтуге септігін тигізетін зауыт болады.
Жазира ӘБІЛ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08