Техникалық талаптарға сай емес өнім көлемі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 30 пайыздан 10 пайызға түскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Техникалық талаптарға сай емес өнім көлемі 2015 жылғы көрсеткішке қарағанда 30 пайыздан 10 пайызға түскен

27.12.2017

Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Жандарбек Бекшин айтты. Онда өнім қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылы жасалған жұмыстар қорытындыланды. Бас санитарлық дәрігерінің айтуынша, сүт, тауық пен ет өнімдері, кондитерлік тағамдарды тексеру барысында азық-түліктің 8,1 пайызы талаптарға сай еместігі, құрамында зиянды заттардың бар екендігі анықталды. Сондай-ақ, Жандарбек Бекшин шетелден әкелінетін тауарлардың атын басып айтып, олардың құрамынан формальдегид пен фенол сияқты улы химикаттар табылғанын жеткізді. Сонымен қатар, балалар денсаулығына зиян ойыншықтарды да тілге тиек етілді. 

Жандарбек Бекшин, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы:

- Биылғы жылы тексерістен өткізілген ойыншықтардың 35 пайызы техникалық талаптарға сай келмейтінін анықтадық. Ал, олардың 4,7 пайызынан адам ағзасына зиянды, улы заттар табылды. Ойыншықтардың 60 пайызы Қытайдан, қалғаны Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстан елдерінен тасымалданады. Енді келесі жылдан бастап Қазақстанға тек қауіпсіздік нормаларына сай сертификаты бар өндірушілер ғана ойыншықтарын әкеле алады.

 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу