Әлем бойынша туристердің саны 1,2 миллиард саяхатшыға дейін өскен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем бойынша туристердің саны 1,2 миллиард саяхатшыға дейін өскен

19.01.2016
Әлем бойынша туристердің саны 1,2 миллиард саяхатшыға дейін өскен

2015 жылғы әлем бойынша туристердің саны рекордтық деңгейге жетіп, 4,4 пайызға өскен. Халықаралық туристік ұйымның мәліметінше, Еуропа, Азия аймақтары мен Оңтүстік, Солтүстік Америка, Таяу Шығыста туризм 3 пайызға өссе, Африкада керісінше 3 пайызға төмендеген.

Саяхатшыларды қабылдау жағынан ең үлкен көрсеткішке Қытай, АҚШ пен Ұлыбритания жеткен. Келесі жылы да дағдарысқа қарамастан, әлемдегі туристік саяхат көлемі төрт пайызға өседі, деп жоспарлануда.

Хабарламаларға жазылу