Астана аспанын торуылдаған қою түтін әлі екі күн сақталуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астана аспанын торуылдаған қою түтін әлі екі күн сақталуы мүмкін

19.12.2017

«Қазгидрометтің» кезекшілік тобы таратқан ақпаратқа сәйкес, алдағы екі тәулікте жел күшейе қоймайды. Тиісінше, шаһардағы жылу-электр станциялары мен тұрғын үйлерден шыққан түтіннің сейілуі қиындай түспек. Қалалық экология басқармасының мәліметінше, ластанудың 50 пайызы сапасыз жанармай пайдаланатын көліктердің еншісінде. Сондай-ақ, жылыту станцияларындағы құрылғылардың ескілігі де ауаға таралатын зиянды қалдыққа себеп болып отыр. 

Елдос САПАРҒАЛИ

Хабарламаларға жазылу