Оңтүстік Қазақстан облысында екі жоба іске қосылды
Тамақ өнімдерінің 80 пайызын өңірде өндіріп отырған Оңтүстік Қазақстан облысында үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында Индустрияландыру картасына енген екі жоба іске қосылды.
Жылына 1200 тонна қияр мен қызанақ өсірілетін жылыжайдың жалпы аумағы - 2 гектар. Жоба толығымен «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы тарапынан қаржыландырылып, инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген.
Құны 489 миллион теңге тұратын жылыжай кешені толығымен жаңа технологиямен жабдықталған. 43 ауыл тұрғынын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпкер сәуір айының ортасында алғашқы өнімді жинамақшы.
Сондай-ақ жаңадан іске қосылған ет-сүт және кондитер өнімдерін шығаратын цехтың да ауқымы кең. Бұл жоба бойынша 75 жаңа жұмыс орны ашылды.
Ауылшаруашылық өнімдерін өсіруге қолайлы оңтүстік өңіріндегілер енді кез келген өнімді өсіріп қана қоймай, оны 100 пайыз қайта өңдеп, өзге өнім түрлерін шығаруды қолға ала бастады.
Сапарбек Тұяқбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:
Тағы бір маңызды мәселе - әр ауданның, әр ауылдың шикізат базасы есептеле отырып, ауыл шаруашылығын қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібі бойынша нақты жобалардың тізімі жасалды
Нұрлан ӘЛІМБАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08