Мәжілісте «Стандарттау» туралы заң қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәжілісте «Стандарттау» туралы заң қаралды

13.12.2017

Мәжіліс «Стандарттау туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Өйткені, бизнесті дамыту үшін өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету маңызды. Заңға сәйкес, Қазақстанда стандарттау бойынша барлық мәселелерді реттеп отыратын Ұлттық орган құру ұсынылды. Ал, депутаттар бұл делдалдардың саны өсіп, ол стандартқа қолжетімділік қызметінің қымбаттауына жол ашуы да мүмкін деді. Құжатта стандарттау туралы ұлттық органмен келісімшарт жасасу үшін заңды және жеке тұлғаларға қойылатын талаптар нақты көрсетілмеген. Сондықтан да, заңның кем-кетік тұстарын қарап, жұмыс тобы екінші оқылымға дейін нақты шешім қабылдау керек. «Стандарттау туралы» құжат отандық өнімдердің сапасын арттыруға әрі бәсекелестікке төтеп беруіне негіз болуы шарт. Тоғыз тараудан тұратын заң жобасы 40-бапқа негізделген.

Омархан Өксікбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Біз бұл бағытқа басты көңіл бөлуіміз керек деп ойлаймын. Ендеше біз неге жыл сайын бір мың стандарт жасаумен шектеліп отырмыз? Осы заң жобасын қабылдағаннан кейін стандарттау еліміздің экономикасына қаншалықты үлес қосады деп айта аласыз?

Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі:

- Осы заңды қабылдау біздің экономикаға үлкен үлес қосады деп сенеміз. Осы заңның арқасында стандарттардың саны өседі деп жоспарлап отырмыз.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу