Болат Жәмішев Петропавлға барды
Биыл Петропавлда Назарбаев зияткерлік мектебі пайдалануға беріледі. Солтүстік Қазақстан облысына барған Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев осы және басқа да құрылыс нысандарының, индустрияландыру картасына енген зауыт-кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
Солтүстік Қазақстан Ресейдің үш облысымен шекаралас. Сондықтан екі арадағы тауар айналым жылдан жылға артып келеді. Соңғы кездері құрылыс материалдары мен мұнай-газ саласына қажетті қондырғылар экспорттала бастады. Бұл интеграцияға оң ықпал етіп отыр. Облыс орталығында жаңа баспаналар тұрғызу да қолға алынған.
2011 жылдан бері Петропавлда 95 көпқабатты үйге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы аясында жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2020 жылға дейін олардың саны 500-ге жетпек.
Болат Жәмішев, ҚР Өңірлік даму министрі:
Тұрғын үй қорының жаңғыртылуына мемлекет қызығушылық танытып отыр. Оған пәтер иелері де қарсы емес. Екіжақты келісім бар. Жергілікті атқарушы билік өкілдері түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Мемлекет тарапынан бөлінетін қаржы қайтарылуы керек. Жалпы, Солтүстік Қазақстанның әлеуеті өте жоғары деп есептеймін. Өйткені олардың сыртқы нарыққа шығуына барлық мүмкіндік бар.
Сағындық СӘБИТҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08