Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы елшісі мандатын алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы елшісі мандатын алды

11.12.2017

ЮНЭЙДС – БҰҰ жанындағы СПИД-ке қарсы халықаралық ұйым. Елші «Денсаулыққа құқығым бар» деген атаумен өткен акция барысында таныстырылды. Акция кезінде аурудың алдын алу мен күресу жолдары жазылған үнпарақшалар таратылып, плакаттар ілінді. Сондай-ақ, келушілер анонимді түрде тест тапсырып, қанында ЖИТС жұқпасының бар-жоғын анықтауға мүмкіндік алды. Саламатты өмір салты насихатталған шара соңы концертке ұласты.

Айта өтейік, кейінгі жылдары елімізде СПИД-ке шалдыққандардың қатары күрт көбейген. Биылдың өзінде  аталған ауруды 218 астаналық жұқтырған.

Бақтияр Артаев, ЮНЭЙДС-тің Қазақстандағы елшісі:

- Жалпы, қандай бағытта жұмыс істеу керек, ауырмау үшін қандай ем қабылдау керек, анықтау үшін қай жерге бару керек, міне осы бағытта жұмыс жүргізетін боламыз. Жастарды спортпен, біліммен айналысуға тартамыз. Өйткені, уақыты тығыз адам жаман әрекеттерге бара бермейді ғой.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу