Бүгін Астанада ШЫҰ марафонына арналған флешмоб өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада ШЫҰ марафонына арналған флешмоб өтті

22.08.2017

Шараға Олимпиада чемпиондары Бақтияр Артаев, Данияр Елеусіновпен қатар, Мәдениет және спорт министрі де қатысты. Арыстанбек Мұхамедиұлы флешмоб аясында Олимпиада чемпиондары бастаған бір топ жастармен 100 метр қашықтықты жүгіріп өтті. Сондай-ақ, жиналғандардың барлығы «Біз халықаралық астаналық Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының марафонын қолдаймыз» деп ұрандатты. БАҚ өкілдеріне сұхбат берген министр барлық ниет білдірушілерді марафонға қатысуға шақырды.

Хабарламаларға жазылу