«Қазпошта» Астананың 20 жылдығына мерекелік конверт әзірледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазпошта» Астананың 20 жылдығына мерекелік конверт әзірледі

08.12.2017

Әзірге 100 данамен шыққан пошта өнімі бүгін қалалық әкімдікте таныстырылды. Салтанатты шарада қос тараптың қатысуымен қол қою рәсімі өтіп, арнайы мөр басылды. Конвертте бас шаһардың көрікті орындары, Қазақстанның картасы мен табиғаты және Астананың ең алғашқы пошталық маркасы бейнеленген. Мерекелік конверт желтоқсанның онынан бастап қолданысқа енеді. Себебі, ел астанасын Алматыдан Ақмолаға ресми көшіру 1997 жылы желтоқсанның онында жүзеге асқан болатын.

Сәуле Егембердиева, «Қазпошта» АҚ Пошталық қызметтер бойынша атқарушы директоры:

- Біз әзірге аз данамен алғашқы партиясын шығарып отырмыз. Тиражды адамдардың қызығушылығына қарай көбейтеміз. Бұл - Астанаға алғашқы тартумыз. Алда 20 жылдық мерекеге орай арнайы марка, пошталық блок секілді бірнеше өнім шығарамыз.

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу