Ақмола облысында Астана күндері өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында Астана күндері өтті

05.06.2018

Ауқымды бағдарламалық шара елорданың 20 жылдығына арналған. Екі күнге созылған мерейтойлық бағдарлама аясында «Ақ тілекпен, Астана!» суретшілер көрмесі және Астана қаласы әкімдігі Мемлекеттік академиялық филармониясының концерті өтті. Көрмеде Астананың жетістіктерін көрсететін және Қазақстанның Тәуелсіздігін бейнелейтін 50-ден астам қылқалам туындысы қойылды.

Әсіресе, Біржан салдың шығармашылығына арналған «Айбозым» концерті көптің көңілінен шықты. Онда Біржанның халық арасына кең таралған әндері орындалды. Астаналық өнерпаздардың өңірлерге сапары әлі де жалғасады. 

Нұрай Танабаев, Астана қалалық Мемлекеттік академиялық филармониясының әншісі:

- Биыл Астананың 20 жылдығына орай біз еліміздің тұрғындарына мерекелік бағдарлама әзірледік. Оның ішінде бірнеше концерттік бағдарламамыз бар. Бүгін Көкшетау жеріне әйгілі сазгер Біржан салдың әндерін алып келіп отырмыз. Оның ішінде халық арасында кең танылған әндерін орындауға аса мән беріп отырмыз. Осылайша, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлағымыз келді. 

Ермек ЕЛБЕРГЕН

Хабарламаларға жазылу