Елорда бизнесі күллі елге үлгі

05.12.2017

«Астанадағы бизнес климат бүкіл елге үлгі болып отыр». Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы талқыланған жиында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Тимур Құлыбаев осылай деді. Шараға Астана қаласының  әкімі Әсет Исекешев те қатысты. Қазіргі таңда Астанада жалпы сомасы 82,1  млрд. теңге болатын 20 жоба іске асқан. «Атамекен» палатасының есебіне сүйенсек, биылғы жылдың 9 айында кәсіпкерлерден 18 мыңнан астам шағым келіп түскен. Ол былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда 25 пайызға аз. Жалпы, еліміздің бас қаласында биыл 11 мың жаңа кәсіпкер пайда болған. Жеке кәсіп саласында еңбек ететін қала тұрғындарының саны 400 мыңнан асады.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу