Қызылорда өңірінде балық шаруашылығы жанданып келеді
Қызылорда балығына шетелдерден сұраныс жоғары. Соған сәйкес өңірде балық шаруашылығы жанданып келеді. 2000 жылдары теңізден небәрі 500 тонна су маржаны сүзілсе, қазір жылына 5 мың тонна балық ауланып жатыр. Ал оны әрі қарай өңдеумен айналысатын 4 бірдей зауыт бар.
Сағындық Сәтжанов - кәнігі балықшы. Атадан балаға үзілмей жалғасып келе жатқан кәсіптің қыр-сырын әбден меңгерген. Теңіз тартылған тұста сәл есеңгіреп қалғанымен, кейін айдын суға толған соң сүйікті ісін қайта қолға алды. Өзі ғана емес, жанына ауылдың бірнеше жігітін топтастырып, шағын бизнес қалыптастырды.
Сағындық Сәтжанов, балықшы:
Қыста мұзды ойып, көктемде, жазда апарып Аралға мекемелерге тапсырамыз. Приемка келіп тұрады осы жерге. Несібе бар әйтеуір, болып тұр балықтан, тірлік еткен адамға табылып жатыр.
Барлығы осы шағын кәсіптен басталады. Сағындықтың жігіттері аулаған балық алдымен зауыттарға түседі. Сол жерде өңделеді, қатырылады, кептіріліп, тақталанады. Содан кейін барып сыртқа жөнелтіледі. Осылайша қызу тірлік бір сәтке де толастамайды.
Аймақтағы ірі балық шаруашылығы мекемесінің бірі - «Қызылордабалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі осы кезге дейін ішкі нарықты қамтамасыз етіп келсе, енді шетелге де өз өнімдерін экспорттауға мүмкіндік алды.
Мереке Қиқымова, зауыт технологы:
Бұл уақытқа дейін біздің еуронөміріміз болған жоқ, қазіргі уақытта осы 12 наурызға еврономер алғалы отырмыз. Содан бастап Ресей, Беларусь, сыртқы мемлекеттерге жол ашылады бізге. Оның ар жағында Германия, Австрияға жіберуге болады.
Сұраныс артқан соң соған сәйкес талап та күшейетін болады. Жылына 75 тонна балықты өңдейтін зауыт толық қуатта жұмыс істеуге көшті. Яғни, енді жылына 150 тонна филе дайындайды.
Жұмакүл Әбдіқалиева, жұмысшы:
Үйрендік бұған, өзімізге ұнайды, айлығымызды ай сайын беріп тұрады. Бала-шағамызды осымен асырап келе жатырмыз. Күніне 2-3 тонна балық өткіземіз.
Көксеркенің дәмді сүбе етіне шетелдіктер ерекше қызығушылық танытады екен. Одан бөлек бұл балықтан ешқандай қалдық қалмайды. Қалған-құтқан сүйек-саяқ арнайы пеште үгітіліп, ұн етіледі. Оған да сұраныс баршылық.
Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды
29.07.2026, 15:28
Құрылтай қоғам мен саяси ұйымдар арасындағы байланысты нығайтады
29.07.2026, 13:12
Түркістан облысына жыл басынан бері 762 мыңнан астам турист келген
29.07.2026, 13:11
Қарағанды облысында 18 мектептің ғимаратына күрделі жөндеу жүріп жатыр
29.07.2026, 13:10
Есту қабілетіндегі ақауды ерте анықтайтын алғашқы орталық ашылды
29.07.2026, 13:10
АҚШ-та чиптерді зерттейтін қондырғы орнатылады
29.07.2026, 13:09
Қостанай облысында шекарадан 7 мың литр жанар-жағармай тәркіленді
29.07.2026, 13:09
Ақ үйде Трамп пен Зеленский келіссөз жүргізді
29.07.2026, 13:08