Қызылорда облысында балықты қалдықсыз өңдейтін цех ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында балықты қалдықсыз өңдейтін цех ашылды

22.09.2023

Қызылорда облысы, Арал ауданында дәстүрлі балықшылар слеті өтті. Теңізді өлкеде балық шаруашылығы жылдан жылға қарқын алып келеді. Биыл су маржанын қалдықсыз өңдейтін цех іске қосылып отыр.

Заманауи технологиямен жабдықталған кәсіпорын балықтың жон етін өңдеп қана қоймай, одан шығатын қалдықты да пайдаға асырады. Яғни, балық майы мен ұнтақ жем әзірленеді. Жалпы жоба құны 125 миллион теңге. Мұнда жылына 4 мың тоннаға дейін балық өнімдері өндіріледі.

Әділхан Қанатбаев, цех шебері:

Сонымен бұл технологияның ерекшелігі сыртқа жағымсыз иіс шығармау мақсатында ауаның өзін үш циклда тазарту қондырғысы қондырылған. Сағатына 500 кг өңдейтіндей қуаттылығы бар.

Биыл балықшылар мерекесі ауданның 95 жылдық мерейтойымен қатар тойланып отыр. Осыған орай, «Балықшылар аллеясы» қайта жаңғыртудан өтіп, бүгінде аралдықтардың демалыс орнына айналды. Теңізден несібесін тауып, балық шаруашылығын дамытуға үлес қосып жүрген еңбеккерлер мерейлі күні марапат төрінен көрініп, сый-құрметке бөленді.


Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу