2022 жылға қарай «ҚазМұнайГаз» ішкі сұранысты толық қамтамасыз етеді
«ҚазМұнайГаз» АҚ 2022 жылға қарай ішкі нарықты жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етеді. Бұл туралы бүгінгі Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев мәлімдеді.
Қазақстан қазір 1 миллион 700 мың тонна мұнай өнімін импорттайды. Бүгінде елдегі 3 мұнай өңдеу зауыты қайта жөнделуде. Бұл жұмыстар аяқталғанда зауыттардың өнім шығару мүмкіндігі айтарлықтай артады деп жоспарлануда.
Жиында Астанаға газ тарту жұмысы да сөз болды. Мыңбаевтың айтуынша, жобаның техникалық құжаттамасы дайын, дегенмен әзірге құрылысты бастау туралы тиісті шешім жоқ.
Сауат Мыңбаев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы:
Осы құрылысты бастау туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Оның біраз қиындықтары бар. Ол тек қаржыға байланысты емес, тағы басқа шешімдерге де байланысты. Ол тек «ҚазМұнаГаз»-ға да байланысты емес. Бұл шешім әлі Үкіметте талқылануда.
Дулат АБИБУЛЛАЕВ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Варшавада Қазақстанның кемсітушілікке қарсы заң жобасы таныстырылды
14.10.2026, 20:16
Әлем жаңалықтарына шолу
14.10.2026, 20:15
Оқушылардың жаппай улануы: Қылмыстық іс қозғалды
14.10.2026, 20:11
3 жылға арналған бюджет жоспары таныстырылды
14.10.2026, 20:06
Екпенің алғашқы дозасы 6500-ге жуық жасөспірімге салынған
14.10.2026, 20:05
«Жаңа қоғамдық этика: Мәдениет, әдеп, әдет» форумы өтті
14.10.2026, 20:04
Креативті индустрияның экономикаға қосқан үлесі 2,7 триллион теңгеге жетті
14.10.2026, 20:04
Мемлекет басшысы Вице-Президентті қабылдады
14.10.2026, 20:04