Әлем ғалымдарының зерттеулеріне жүгінсек, ауадағы зиянды заттардың 60 пайызы көмір түтіні салдарынан, 30 пайызы көлік газынан пайда болады. Осының әсерінен Астана тұрғындары түтінге тұншығып жатқанда әлем мемлекеттері отынның бұл түрінен түбегейлі бас тартып жатыр.
Әлемдегі көмірдің 60 пайызы АҚШ пен Қытайда өндіріледі. Құрама Штаттардың өзінде 250 миллиард тонна көмір бар. Осыған қарамастан, Америка 2020 жылдан бастап көмірден бас тартпақшы. Себебі, дәрігерлер улы газдың әсерінен 600 мың адам зардап шегуі мүмкін деп дабыл қағуда.
Ауаға тараған көк түтін Қытай үшін де - басты түйткілді мәселе. Мысалы, Бейжіңде ауадағы ластағыш заттарды азайту үшін 2020 жылға дейін көмір қолданыстан шығарылмақшы. Ал, Швеция болса, көмір түгіл, табиғи газдан да бас тартып, қазба байлығының бұл түрін қолданыстан алып тастаған. Бүгіннің өзінде бұл мемлекет баламалы энергияның 60 пайызын қолданып отыр. Үкімет «жасыл» инфрақұрылымды орнату мақсатында 1 миллиард доллар қаржы бөлген.
Фариза МҰСАҚЫЗЫ