Қызылордада өнімді қалдықсыз өңдейтін күріш зауыты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада өнімді қалдықсыз өңдейтін күріш зауыты іске қосылды

20.11.2017

Кәсіпорынның қуаттылығы - тәулігіне 7 тонна. Ақталған күріш Иран, Ауғанстан, Ресей, Тәжікстан елдеріне экспортталады. Ал, ұсақ күріш ұнтақталып, одан ұн шығарылады. Сондай-ақ, күріштің кебегінен биотын әзірленеді. Алқаптарда қалған сабанды да кәдеге жарату көзделіп отыр. Себебі, қазір күріш жиналғаннан кейін егістікте қалған сабан қалдықтарды шаруашылықтар өртейді. Ал, бұл қоршаған ортаға зиян әрі топырақ құрамындағы органикалық минералдарды жояды.

Дәулет Сәрсенбаев, кәсіпорын директоры:

- Биотынды шығаратын шағын зауыт болады. Оған сұраныс болады. Сексеуілден кем емес қызуы бар. 

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу