«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биылғы 10 айда 79 мың пәтер пайдалануға берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша биылғы 10 айда 79 мың пәтер пайдалануға берілді

17.11.2017

Бұл туралы Мәжілісте өткен отырыста айтылды. Жыл соңына дейін тағы 20 мың пәтер иесі қоныс тойын тойлайды. Яғни, бағдарлама мерзімінен кешіктірілмей жүзеге асып жатыр. Инфрақұрылымды қайта жаңғырту, оның ішінде сумен, жылу жүйелерімен қамтамасыз ету үшін 47 миллиард теңгеге 103 жоба жүзеге асырылмақ. Жалпы, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласы бағдарлама бойынша бөлінген қаражатты толық игерген.

Балайым Кесебаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Берілген қаражатты 100 пайыз игермеу қаупі бар облыстар да бар. Ол Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы, Павлодар облысы. Алматы облысында 4 жоба бойынша қауіп болып отырса, Шығыс Қазақстан облысында 4 жоба бойынша сондай қауіп бар.

 

Индира БЕГАЙДАР

Хабарламаларға жазылу